Армысың, әз наурыз! сыныптан тыс іс — шара

Скачать файл



«Армысын, әз Наурыз!» сценарии

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!»

Мирас:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата-аналар, Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.

Бүгіңгі мейрам 22– Наурыз. Ұлыстын ұлы күні құтты болсын!

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Мариям: Наурыз келсе, құт келгені халайық

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық

Жаңа жылда ақ мол болсын , ағайын

Шаттандырып әз наурызды тойлайық!

_____________________________________________________________

Мирас:

Жаңа жыл, кел, төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырс,құт,

Болсын елде тыныштық.

Құтты болсын Наруыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

______________________________________________________

Ортамызға еліне елеулі, халқына қалаулы Көктал ауылының әкімі Қаратаев Сартай Жетпісбай ұлына құттықтау сөз беріледі.

Мариям:

Ата сөзі – қасиетті киелі

Ата сөзі – жанға жайлы тиеді

Ата сөзі — өміріме өнеге

Ата сөзі – сыйластықты тілейді.

«Аталы сөз, баталы сөз»,

Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» деген қазақта сөз бар. Ендеше бәріміз қол жайып Қыдыр атадан бата алайық. _____________________ата бата берініз .

Мариям : Бұл күн- аспан денелері өздерінің ең бастапқы жеріне келіп, күн мен түннің теңелетін , жан-жануарлар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Сондықтан қазақ елі осы күнді, «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, көңілге сыр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлеген қасиетті күн.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын.

Сахна төріне——————————————————————————

Мирас:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,

әнші құстарды сайратып Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Науырыз тойының шашуы

_________________________________________________________________

Шашу Қыздар шашу шашады сахынада күй ойнатылады

Мариям:

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Ел де тыныш! Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Сахна төріне—————————————————

Мирас:

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»

«Наурыз – жер бетіне жақсылық ұялаған күн»

«Наурыз – ұзақ ұшып келген күн»

«Наурыз – көк құты көзін ашқан күн»

«Наурыз – жылдың жерге түскен күні»

«Наурыз – Жер-Ананың тас емшегі жібіген күн»

«Наурыз – Самарқаның көк тасы еріген күн»

сахна төріне ———————————————————————-

Мариям:

Сақ тыйылып Сарыарқаның бораны

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы

Жылғалардан су аққанда сырғанап,

Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын

Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап

сахнада ————————————-

Мирас:

Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –

Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

сахынада ————————————-

Мариям:

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

сахна төріне ———————————————————————-

Мариям:

Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе.

Ырысты боп Жаңа жыл!

Бақ дарысын бәрі

Мирас:

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман-есен жетейік,

Келесі Наурыз тойына!

1 және 2 жүргізуші бірге:

Сау болыңыздар ! Келесi мейрамда кездескенше!

4

Добавить комментарий